Еліміздің геодезия және картография саласына қандай өзгеріс енгізіледі?

Соңғы 20 жылда геодезия және картография саласында ешқандай өзгеріс болған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат бүгінгі күннің талаптарына сай емес. Мәжілістің жалпы отырысында Бағдат Мусин осындай мәселе көтерді. Бұл туралы толығырақ студиямен тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Назерке Әбдірахманқызы айтып береді.

Еліміздің геодезия және картография ережелері 1942 жылы түзелген, яғни бір ғасырға жуық уақыт бойы координаттар түзетілмеген. Елді мекендерде кадастр деректерін интеграциялауға кедергі келтіретін бірнеше координат бар. Олқылықты шешу үшін салаға жауапты министрлік Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын енгізуде көздеп отыр.