Астанада «Елбасы медалінің» иегерлері марапатталды

Елордада «Елбасы медалінің» иегерлері марапатталды. Жастарды кешенді дамытуға арналған бағдарлама 7 бағыттан тұрды.

Барлығы 577 адам қошемет төрінен көрінді. Оның 24-і алтын деңгейде марапатталса, 100-і күміс, қалғаны қола деңгейге лайықты деп танылған. Бағдарламаның мақсаты дарынды балалар мен жастарды, сондай-ақ елдегі кәсіби мамандарды қолдау, дамыту. Айта кетейік, «Елбасы медаліне»  соңғы үш жылда 29 мың жас қатысқан.