Өскеменде журналистерге ерекше құрмет көрсетілді

Өскеменде журналистерге ерекше құрмет көрсетілді

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебі ұжымы бұқаралық ақпарат құралдарын ерекше құттықтады. Олар тілшілерге ұлттық аспапта ойнауды үйретіп, қолөнерден шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілшілер қалам мен микрофонды ұлттық аспапқа алмастырып, қолөнерге ден қойды. Алдымен домбыра шертуден шеберлік сағатына қатысып, қос ішекті күмбірлетудің әдісін меңгерді. Кейін кәдімгі сабын жасау технологиясын үйренді. Құрамы жеңіл әрі пайдалы затты қолдан жасауды оқушылар да ерекше ықыласпан үйреніпті. Арасында қамшы өрудің әдістері де көрсетілді. Таспа түрлері таныстырылды. Ең кереметі құрғақ жүннен картина жасау сабағы болды. Қазір жүн мен тері кәдеге жаратылмай жатыр. Ал оны іске жаратса, көздің жауын алатын әдемі дүниеге айналдыруға болады.