22 млн астам теңге жымқырған есепшіге қатысты сот үкімі шықты

22 млн астам теңге жымқырған есепшіге қатысты сот үкімі шықты

Батыс Қазақстан облысында бюджеттен 22 миллионнан астам теңге жымқырған есепшіге қатысты сот үкімі шықты.

Теректі аудандық балалар саз мектебінің қызметкері қылмыстық әрекетін 2018-2020 жылдары жүзеге асырған. Ол мекеме директорының электронды сандық қолтаңбасын пайдаланып, өзінің жеке шотына ақша аударып жүрген. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, есепші қазынадан алған қаражатты сауық құруға және құмар ойындарына жұмсаған. Теректі аудандық соты қылмыскерді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ал жеке мүлкі тәркіленбейтін болды.

Сағадат Ғаділжанов, облыстық экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі:

- Бердников ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қаржылық қызметке және материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығын 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.