Ақтөбеде ерекше балалардың аналары шеберлік сабағына қатысты

Ақтөбеде ерекше балалардың аналары шеберлік сабағына қатысты

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар сурет салу өнерін меңгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара қаладаға шығармашылық орталықтардың бірінде өтіп, тәжірибелі мамандар дәріс берді. Бұл ерекше баламен үйде отырған әйелдердің ауыр күйбің тіршілігін жеңілдетіп, көңілін аулау мақсатында ұйымдастырылған. Әзірге он ана шеберлік сабағынан өтті. Енді мұндай шараны алдағы уақытта тұрақты түрде өткізу және басқа да қолдау көрсету көзделіп отыр.

Айта кетейік, бүгінде Ақтөбеде 15 451 мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның үш мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар.

Динара Бектемірова, ата-ана:

Ерекше баланы тәрбиелеу оңай емес. Біздің қоғамда әрбір адам оны түсіне бермейді. Мұндай шаралар өте керемет. Себебі ол үйде отырғаннан кейін көп мұндай шараларға қатысуға да мүмкіндік болса деймін.

Анар Даржанова, қалалық мәслихаттың хатшысы:

– Аналардың қызығушылығына сай, оларға әртүрлі мастер-кластар ұйымдастырылады. Соның ішінде ұннан жасалған тағамдарды дайындау бойынша сонымен бірге бұлардың ішінде логопед, психолог болып жұмыс істегісі келетін адамдар бар. Оларға да арналған түрлі курстар ұйымдастырамыз. Оған Қазақстанның әр облысынан, басқа шетелден де мамандарды шақыру мүмкіндігі бар.