Ақмола облысында коронавирус қайта өрши бастады

Ақмола облысында коронавирус қайта өрши бастады

Ақмола облысында коронавирус қайта өрши бастады.

Мәселен, маусым айында аймақта 19 адам осы ауруға шалдықса, ал шілденің небәрі төрт күнінде 12 адам вирус жұқтырған. Мұны мамандар өңірге сырттан келетін қонақтардың көптігімен байланыстырады. Себебі бір ғана Бурабайдың өзіне қазір алыс-жақын шет елдерден демалуға келетіндер қаншама. Сондай меймандардың бірі Ұлыбритания азаматынан ауру анықталыпты. Қауіпті дерт бұлай күшейе беретін болса, шектеу шараларын қайта енгізуге мәжбүрміз, - дейді санитарлық дәрігерлер. Ал оның қандай болатыны республикалық ведомствоаралық комиссияның отырысынан соң белгілі болмақ.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Аурудың таралу аумағына қарасақ, бұл Бурабай мен елордаға іргелес жатқан аудандар. Себебі дәл осы аудандарда барыс-келіс көп. Дерттің өршуіне тағы бір себеп шектеу шаралары алынып тасталған соң тұрғындар вакцина дегенді мүлдем ұмытты. Мәселен, қазір вирус жұқтырғандардың 80 проценті екпе алмағандар екенін көріп отырмыз.