Ақтөбеде үздік аулаға байқау жарияланды

Ақтөбеде үздік аулаға байқау жарияланды

Ақтөбеде ең әдемі аулаға байқау жарияланды. Комиссия мүшелері жеңімпаздарға ақшалай сыйлық дайындаған.

Жүлде қоры 500 мың теңге. Байқауға көп қабатты және жеке тұрғын үйлерден өзге кәсіпорындар да қатыса алады. Комиссия үміткерлер ішінен үздіктерді анықтауда үй аулаларының көгалдандырылуын, әдемілігін және тұрғындардың белсенділігі арқасында пайда болған спорт алаңдарын ескеретін болады. Ал ұйымдарды іріктеу кезінде олардың талапқа сай абаттандырылуы назарға алынбақ. Өтініш қабылдау әлі де жалғасып жатыр. Ал байқау қорытындысы тамыздың соңында белгілі болады. 

Анар Даржанова, байқау комиссиясының мүшесі:

- Бұл конкурстың негізгі мақсаты қаланы жасыл желекке бөлеу бойынша жаңа форматтар іздеу, жаңа үлгілерді көрсету. Осындай конкурс арқылы біздің қаламыздағы тұрғындар қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосады деп есептейміз.