Қазақстан мұнай экспорттау бағытын кеңейтеді

Қазақстан көмірсутегі шикізатын, мұнай өндіру көлемін ұлғайтады.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы осылай дейді.

Бекжан Садықовтың пікірінше, мұнай жеткізуді әртараптандыру ел үшін стратегиялық маңызды мәселе. Қазір негізгі күш теңіз, теміржол және автомобиль жолдарының мүмкіндігін жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталады.

Бекжан Садықов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері:

- Президент мұнай өндірісін жаңғыртуға нақты тапсырмалар берді. Алдымен Атырау мен Құмкөл арасындағы байланысты нығайту айтылды. Себебі Құмкөл Қазақстанның 15 ірі кен орындарының бірі. Бастапқы қоры шамамен 280 млн тонна мұнайды құрайды. Транскаспий бағыты бойынша одан әрі жұмысты жетілдіру үшін Құмкөлде мұнай өндіруді ұлғайту керек.