Елордада үлескер мәселесі қашан шешіледі?

Елордада үлескер мәселесі қашан шешіледі?

Бас қалада үлескерлер мәселесі өте өзекті. Осы уақытқа дейін қалада баспана бас ауруына айналған 16 мың үлескер-отбасы болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олардың саны 3 мыңға дейін азайды. Қалған отбасылар да көп ұзамай қоныс тойын тойлайды деп сендірді қала әкімі. Десе де, алдағы уақытта қалтадан қағылған үлескерлердің пайда болмауына кепіл жоқ. Сол үшін шаһар басшысы тұрғындарға үлескер болмай тұрып, тыңғылықты тексеріс қажет екенін ескертеді. 

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

Үлескерлердің мәселесі шешілуде. Енді алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауын қамтамасыз ету керек. Ол үшін үлескер алдымен құрылыс жұмысын жүргізетін мекеменің өткенін зерттеп, құжаттарын тексеру қажет. Мемлекет тарапынан құрылыс салушыларға қойылатын талаптар күшейтілді. Егер оларда нысанды аяқтауға жеткілікті қаражаты болмаса, пәтерлерді сата алмайды. Сондай-ақ арнайы қорлардың кепілдігі болуы тиіс. Банк кепілдігі болуы керек, компанияның жағдайы да тексеріледі. Бұдан бөлек, әкімдіктің ресми аккаунттарында және БАҚ-та біз құрылыс жұмысын жүргізетін күмәнді ұйымдардың тізімін тұрақты түрде жариялаймыз.