Ұлық мейрамда қой бағасы қымбаттады

Алматыда 75 пен 85 мың теңге шамасында және Атырауда 60-90 мың аралығында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал арзаны Таразда 30-40 мың, Талдықорғанда да сол шамалас 35-45 мың теңге. Қалған өңірлерде орта есеппен 50 мыңнан келеді. Еліміздің санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті сақтық шарасы мақсатында құрбандыққа ветеринарлық анықтамасы бар малды ғана союды ұсынады.