Қарғалы су жинағышының құрылысы биыл аяқталады

Қарғалы су жинағышының құрылысы биыл аяқталады

Алматыдағы Қарғалы су жинағышының құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Бұл Наурызбай ауданының тұрғындары асыға күтіп отырған жоба. Ол жайында бүгін «Амаnat» партиясы Алматы қалалық филиалының Саяси кеңес бюросы мен Алматы қаласы мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында айтылды. Наурызбай ауданында 150 мыңнан астам тұрғын бар. Біразы судан таршылық көріп келеді. Енді Қарғалы су жинағышы іске қосылса 35 мыңнан астам адам таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ биыл Ақсай өзенінде де ауыз сумен қамтитын жоба құрылысы басталады.

Әлішер Әбдіқадыров, қала әкімінің орынбасары:

- Алматының орналасу рельефі күрделі. Сондықтан жаңбыр суынан қалада 102 аумақты үнемі су басып қалатыны анықталды. Жыл соңына дейін 56 аумақтың су басу қаупі жойылады. 12 коллектор қойылып, 75 шақырым арық желісі қайта жөндеуден өтеді. Су, кәріз жүйесінің жұмысын қадағалау «ЭКО Алматы» бірыңғай операторына беріледі.