ДДСҰ: Маска тағу режиміне оралу керек

ДДСҰ: Маска тағу режиміне оралу керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлем елдерін бетперде тағу режиміне оралуға кеңес береді. Себебі жер жаһанда омикрон штамы етек алып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай Гебрейесус маска, арақашықтық, желдету мен тестілеу сияқты санитарлық талаптарға ерекше мән берген жөн дейді. Мәселен бүгінде қауіпті дерттен тіркелген өлім-жітім көрсеткіші күн өткен сайын артып барады. Індеттің өршуі денсаулық сақтау саласына ауыртпашылық тигізе бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үкімет басшыларын өз еліндегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты тиісті шараларды уақытылы қолға алуға шақырып отыр.