Қызылордалықтар өмірден ерте өткен жас спортшыны еске алды

Қызылордалықтар өмірден ерте өткен жас спортшыны еске алды

Қызылордада небәрі 16 жасында өмірден өткен боксшыны достары еске алып, ашық турнир ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа 100-ге жуық жеткіншек қатысуда. Бексұлтан Талғатұлы қамшының сабындай ғана ғұмырында ел біріншіліктерінде топ жарып, спорт шеберлігіне үміткер атанып үлгерген. Бапкерлері оның болашағына үлкен үмітпен қарады. Бекзат Саттарханов секілді Олимпиада шыңын бағындыруды мақсат еткен Бексұлтан өкінішке қарай, бақытсыз жағдайға тап болып, дүниеден ерте өтті. Осы орындалмай кеткен арманды балғын боксшылар жалғаса деген ниетпен турнир өткізіп жатырмыз, – дейді жақындары. Балалар жылына орайластырылған жарыс 10 салмақ дәріжесі бойынша өтіп жатыр. Жеңімпаздар арнайы кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Төлеген Сұлтанбекұлы, Бексұлтанның атасы:

– Өзі 11 класс оқып жүрген кезінде спорт шебері болды ғой, енді ол Әлем чемпионына дейін көтерілемін, Олипиада чемпионы боламын, Бекзат сияқты ағаларымдай боламын деп армандап жүретін еді бала. Жайнап өсіп келе жатыр еді. Енді ол дүниеден озып кетті, аяқ астынан.

Нұрсаят Тынысбек, турнирге қатысушы:

Осындай жарыстар көп керек бізге. Балалар өседі және Қызылорда боксының дамуына сеп болады деген ойдамын. Бір жарыста бір нәрсе үйренеміз. Сондай сияқты, тәжірибе жинаймыз, қателіктерімізді көреміз.