Мәсімов ісіндегі 3 миллион доллар елге қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерін тергеу барысында Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен шамамен 3 млн АҚШ доллары қайтарылды.

Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды. Осыған дейін де комитеттің бұрынғы басшысынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің белгілері бар екені айтылды. Тәркіленген жылжымайтын және басқа мүліктердің суреттері де жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасау» ісі бойынша тергеліп жатыр.