Елордада еріктілер әлеуметтік жобаны қолға алған

Елордада 2017 жылдан бері «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігі тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға көмек көрсетеді. Мәселен, мүгедектерге арналған техниканы жөндейді. Бұдан бөлек, ақысыз заңгер мен психологтың кеңесіне жүгінуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрбанәли Әбуов «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігінде 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Ол қоларбаны жөндейтін шебер. Айтуынша, айына 35-ке жуық адамға сервистік техникалық қызмет көрсетіледі.

Құрбанәли Әбуов «Инва СТО» арба жөндеу орталығының бас маманы:

Орташа сыну жағына келетін болса, 1-2 күн. Жай жеңіл жөндеу болса, 40 минуттың ішінде жөндеп беруге тырысамыз. 13 проектіні ұтқан кезде сол ақшаға бөлшектер аламыз. Барлығын тегін ауыстырамыз. Үйден шыға алмайтын кісілерге үйлеріне барып жөндеп береміз.

Елордада«Инва СТО» атты мүгедектер арбасын жөндеу орталығы 7 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Арбаға таңылғандар үшін техниканы сатып алу мен жөндеу мәселесі бірінші кезекте тұрады. Себебі қоларбаның бағасы сапасына сай келетін дүние. Кем дегенде жүз мыңнан 2 млн теңгеге дейін жетеді

Дастан Раушанбеков, «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қызметкері:

– Алатын кісілердің көбісі сатып алуға бағасы қымбат болғаннан кейін жалға алады. 25-30 адамға дейін бар жарты жылда.

Орталық әкімдіктің қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. Мемлекеттен бөлінетін қаражатқа құрал-саймандар сатып алып, мүгедектігі бар жандарға ақысыз көмек көрсетеміз, дейді мамандар. 

Ардақ Отарбаев, «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:

– Біз өзіміздің жобамызбен мемлекетке шығамыз. Біз 2020 жылы сол жобамен мемлекетке шықтық. 2021 жылдың қаңтарынан бастап мобильді қызмет көрсету жұмысымен жұмыс істей бастадық. Жыл басынан бері 100-ден астам адамға қызмет көрсетілді.

Бүгінде орталықта 25 маман мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетеді. 80 проценті олардың жанын түсінетін, тағдырлас адамдар.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова Ерлан Наурызбаев