Алматыда жылу құбырларының 60%-і ескірген

Тозығы жеткен құбырлар кезең кезеңімен ауыстырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қала бойынша 6 аумақта жылу құбырын жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, 8 шақырым жаңа құбыр төселеді. «Олар 40 жыл қызмет етеді», - дейді мердігер компания өкілдері. Сондай-ақ биыл қаладағы 3 жылу қазандығы да жөндеуден өтеді.

Данияр Қасымбетов, «Алматы жылу желілері» мекемесінің бас инженері:

- Барлық құбырлар, жердің астында жатыр. Сондықтан, жылыту маусымында дәл қай жердің құбыры зақымданып, жарылатынын нақты білмейміз. Сынақ кезінде сыр берген Сайын-Ұлықбек көшелерінің аумағын  толығымен ауыстырдық. Ұзындығы 63 метр құбыр жаңартылды. Рысқұлов даңғылындағы апаттық құбырларды жаңаладық. Осындай зақымдануы көп аумақтарды жылу маусымына дейін жөндеуге тырысып жатырмыз.