Семейде төлем жасамаған тұрғындар жылудан ажыратылып жатыр

Семейде төлем жасамаған тұрғындар жылудан ажыратылып жатыр

Олар қарызды толық өтемейінше, қайта қосылмайды. Қала билігі осындай қадамға баруға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі шаһардағы абоненттердің қарызы 700 миллион теңгеге жуықтаған. Тұтынған жылу энергиясына ақы төлей алмай отырғандардың арасында бюджеттік мекемелер де бар. Олар 340 миллион теңге берешек. Бір кәсіпорынның қарызы 181 миллион теңгеге жеткен. Ал қала тұрғындардың берешегі – 180 миллион теңге.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін 100-ге жуық абоненттің жылуы өшірілген.

Димитрий Гариков, қала әкімінің орынбасары:

– Халық ішінде қарызды өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 100 млн теңгеге жуық берешегі бар заңды тұлғалар бар. Бұл жеке кәсіпкерлер мен акционерлік ұйымдар. Бізде өте проблемалы 14 борышкер бар. Мәселен, «Семей машина зауыты» АҚ 20 млн теңге қарыз.