Жол сапасына жауапкершілік күшейтіледі

Жол сапасына жауапкершілік күшейтіледі

Жол пайдалануға берілген соң, көпке шыдамаса, оны қабылдап алушы мекеме жазаға тартылуы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды «хабар 24».

Егер ұсыныс қабылданса, техникалық және авторлық қадағалау жұмыстарын жүргізетін орталық жазадан сытылып кете алмайды. Сонымен қатар, жол құрылысын жобалаудан бастап оны салуға дейінгі істі енді бір ғана мекеме атқаруы мүмкін. Өйткені қазір тапсырыс беруші жобаны әзірлейді. Ал мердігер оны іске асырады. Бірақ құрылыс кезінде жоба белгілі бір талаптарға сәйкес келмей жатады. Салдарынан мердігер басқа жол іздеп, мерзімінен кешігеді. Оның үстіне жоба құны қымбаттап кетеді-дейді мамандар.

Алмаз Ыдырысов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Бүкіл жұмыстар барысы және жұмыстарды қадағалау   және жұмыстардың қабылдау бойынша да осы сап орталығы да жауапкершілікке тартылатын болады. Соның қызметіне тағы бірқатар нормаларды кіргізу жоспарымызда бар.