Елді мекендерде ауыз су мен жол мәселесі қашан шешіледі?

Елді мекендерде ауыз су мен жол мәселесі қашан шешіледі?

Ел тұрғындарының 96 проценті ауыз сумен қамтылған. Мұндай деректі Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеп отыр. Айтуларынша, қалалар мен ірі ауылдардың барлығына тіршілік көзі тартылды, тек шағын елді мекендер ауызсуға қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтсақ, 40 процент ауылдың мәселесі әлі шешілмеген. Бұл елді мекендерге су құбырын тарту тиімсіз болғандықтан, арнайы блок-модульдер арқылы сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Осылайша 2025 жылға дейін ауылдарды тіршілік нәрімен толықтай қамтып, автомобиль жолдары да жөнделеді дейді, мамандар.

Дәурен Жамбайбек, ҚР ҰЭМ өңірлік даму департаментінің директоры:

– Біздің мақсатымыз - 25 жылы республикалық маңызы бар жолдарды 100% нормативтік күйінде қамтамасыз ету және жергілікті жолдарды 95%. Жолдың көрсеткіштері бар, әр өңірдің көрсеткіштері бар. Жол бойынша Батыс Қазақстан, жалпы батыс облыстары.