Энергетика саласында жұмыс орындары ашылады

Энергетика саласында жұмыс орындары ашылады

Энергетика саласында 34 мың жаңа жұмыс орыны құрылады.

Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 73 жобаны іске асыру осындай мүмкіндік бермек. Министр Болат Ақшолақов электр энергетикасы саласында 3 жылда 17 инвестициялық жоба қолға алынатынын айтты. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері бойынша 40 бастама жүзеге асырылады. Биылдың өзінде осындай 11 нысан іске қосылуға тиіс. Бұдан бөлек мұнай-газ-химия саласында да жұмыс орындарын құру көзделген.