Елордада қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша конкурс жарияланды

Елордада қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша конкурс жарияланды
Inform.kz

Елорданың Урбанистика орталығы Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің бойындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша конкурс жариялады. Оған қатысуға Қазақстанның сәулетшілері, ландшафтық дизайнерлері мен урбанистері шақырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті білдіретін табиғи-рекреациялық саябақ салу.

Эскиздік ұсыныстар 2022 жылдың 20 тамызына дейін centerofurbanism@gmail.com электрондық поштасы арқылы «конкурс» белгісімен қабылданады.

Жеңімпаз ақшалай сыйлықпен марапатталады. Жұмыстарды әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын талаптар мен концептуалды міндеттер байқаудың техникалық тапсырмасында көрсетілген, оларды @centerofurbanism Instagram-парақшасындағы профиль тақырыбындағы сілтеме бойынша жүктеуге болады.