Қазақстанда жайылымдық жер жетіспейді

Қазақстанда жайылымдық жер жетіспейді

Елімізде 16 миллион гектар жайылымдық жер жетіспейді. Бұл туралы жер комиссиясының отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, жер тапшылығына байланысты мал саны азайып жатыр. Былтыр небәрі 400 мың, ал биыл миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды. Еске салайық, 9 тамызда Президент Жер заңнамасының сақталуын тексеруге мораторийді алып тастады. Жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан, 5 миллион гектарға жуық жерді мемлекетке қайтару жоспарланып отыр. Тізімде түрлі заңбұзушылықтармен берілген жер телімдері де бар. Министр әкімдіктерді осы іске белсенді қатысып, деректердің дұрыстығын бақылауға шақырды.