«Ауыл аманаты» ауыл халқының әлеуетін көтермек

«Ауыл аманаты» ауыл халқының әлеуетін көтермек

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру» бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді осы жоба аясында ауыл тұрғындары жылдық үстеме ақысы 2,5%-ті құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құруда және техниканы лизингке рәсімдеу кезінде көмек ала алады. Бұл бағдарлама аясында «Аманат» партиясы Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда. Партиялықтар осы күнге дейін 13 облыстағы 289 ауылдық округті аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Басты мақсаты – ауылдағы ағайынның табысын арттырып, өмір сүрі деңгейін көтеруге көмектесу. Алдағы уақытта мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сапар 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Амандық Абуов, бизнес-тренер:

– Негізгі мақсатымыз халыққа Президенттің тапсырмасымен берілген Үкімет пен «Аманат» партиясының бірлесіп отырып шығарған «Ауыл аманаты» бағдарламасын түсіндіру. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – халыққа ең тиімді кәсіптің түрлерін жұмыс жасауға ыңғайлы етіп жасау.