БҚО-да білім беру ұйымдарының қызметінен заңбұзушылықтар анықталды

БҚО-да білім беру ұйымдарының қызметінен заңбұзушылықтар анықталды

100-ден астам мекеме басшылығы еңбек ұжымын мерзімдік медициналық тексерістен өткізуді қаржыландырмаған. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес шара қабылданды. Нәтижесінде 4 мыңға жуық қызметкердің құқығы қорғалды.

Динара Жұмабаева, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы:

– ҚР Еңбек кодексінің 182-бабы, 2-тармағының 17-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерді міндетті, мерзімдік медициналық қарап-тексеруден және ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан өз қаражаты есебінен өткізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін ғана білім беру мекемелері 3633 қызметкерді медициналық қарап-тексеруден өткізу туралы келісімшарт жасады.