Енді отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік қамау мерзімі ұзартылады

Енді отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік қамау мерзімі ұзартылады

Оның төменгі шегі 5 тәулік болып, ал қайтадан құқықбұзғандарды 20-дан 25 тәулікке дейін қамау жоспарлануда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді. Отбасында ойран салатындарға қатысты жазаны күшейтуді мемлекет басшысы өз Жолдауында тапсырған болатын. Сондай-ақ министрлік заңсыз әрекеттік қайта жасалғанда жанжалдасқан тараптардың сотта татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдатуды ұсынып отыр.