Тазы мен төбетті қалай сақтап қаламыз?

Елде қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау үшін Президенттің іс басқармасы арнайы жұмысты қолға алуы тиіс. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы. Себебі төбет пен тазы қазір жойылудың аз-ақ алдында тұр, ал нағыз құмай тазы тіпті некен – саяқ. Жеті қазынаның бірі саналған қазақы тазыны сақтап, көбейту үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс?

Қарағандылық Анна асыл тұқымды ит түрін сақтап жүргені үшін Президенттен  құрмет грамотасын алған. Тазы асырау оның ең сүйікті ісі. Қазіргі тазы баптап, төбет асырап отырмын дейтін көп саятшының иті таза тазы тұқымы екеніне күмәнмен қарауға болады дейді ол. Бүгінгі күні Аннаның бір 6 жасар, тағы бір екі айлық тазы күшігі бар. 

Анна Захарова, тазының иесі:

- Үлкені Джек. Мен оған 14 жасымда кездейсоқ тап болдым. Көшеде қаңғып жүрген  жерінен тауып алдым. Кейінгісінің аты Сәттілік. Жалпы тазыда басқа еш бір иттің бойында кездеспейтін қасиеттер бар. Өте таза, жағымсыз иісі болмайды. Мен қазір оларды пәтерімде ұстап отырмын. Болашақта жер үйге көшіп, асыл тұқымды ит басын  көбейтсем бе деген жоспарым бар.  

Қарағандыда соңғы жылдары тазылар арасындағы жарыстар жиі өткізіліп жүр. Соның ішінде «Қансонар» мен «Асыл қазына» сынды ірі жарыстарға жеке тоқталуға болады. Бірақ, бір сорақысы тазының саны көп емес екені аңғарылады. Ашық дереккөздерде ел саны 500-ден 1 мың аралығында ғана болуы мүмкін деген дәйек жиі айтылады. Ал, таза құмай тазылар тіптен сиреп кеткен. Маман тазының қазаққа тән екенін бұлтартпас айғақтармен дәлелдейтін құжаттар жетерлік деп отыр.   

Темірғали Аршабеков, тарихшы:

- Ғылыми техникалық архив, басқада сирек қорларда мына 19-ғасырағы нақты тазының аңшылық кезіндегі фотосуреттері сақталған. Бұл қандай біздің қола дәуірден бастап,2000 мың жыл тарихтан кеңес дәуіріне дейін қазақ қоғамы соның ішінде саятшылық кезеңде кең қолданыста болған. Тазыны мемлекеттік дәрежеде сақтап, көтеруіміз керек. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамындағы адам жаны серігінің бірі. Алдымен тазының таза тұқымын дамыта білуіміз керек.

Халықаралық кинологиялық орталыққа тазы мен төбеттің шыққан елі Қазақстан екенін дәлелдеу керек. Президент нұсқауы бойынша бұл жұмысқа сыртқы істер министрлігі араласуы тиіс. Сондай-ақ мәдениет және спорт министрлігіне құмай тазыны насихаттау ісіне ден қою керек деген тапсырма жүктеліп отыр.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар