Д.Ахметов: Тұрғындарға қауіп жоқ

Д.Ахметов: Тұрғындарға қауіп жоқ

Қазір Шығыстың бірнеше ауданында ірі дала өртімен күрес жалғасып жатыр. Қызыл жалын Алтай ауданында 700 гектарға, Күршім ауданында 300 гектарға, Глубокое ауданында 35 гектарға жайылған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов инстаграм прарақшасында жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір басшысының айтуынша, қазір егінге де, халыққа да қауіп төніп тұрған жоқ. Осы орайда, 50 адамды эвакуациялау туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Қазір өрт ошақтарында  өрт сөндірушілер, полицейлер, әскерилер, орманшылар мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Каменный карьер кентіндегі дала өртін сөндіруге  400-ден астам адам және 41 бірлік техника жұмылдырылған. Ал Күршім ауданында 300-ге жуық адам тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

Айта кетейік, Тарханка мен Ұлан ауданында өрт ауыздықталды. Тілсіз жаумен күреске барлығы 1671 адам, 185 техника, 4 тікұшақ, АН-24 ұшағы жұмылдырылды.