Ақтөбедегі ХҚКО жетекшісі қызметтен кетті

Ақтөбедегі ХҚКО жетекшісі қызметтен кетті

Ақтөбедегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жетекшісі прокурорлардың тексеруінен кейін қызметтен кетті.

Болашақ жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізетін мекеменің рұқсат қағазы болмай шыққан. Қызмет бағасы да нарықтағы өзге емханалардан 5 есе қымбат. Мәселен денсаулық сақтау министрлігі наркологтың қабылдауы мен сараптама қорытындысына 1015 теңге көлемінде тариф бекіткеніне қарамастан, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында анықтама алу үшін тұрғындар 5 мың теңге төлеп келген.