«Жастар рухы» Головкиннің жекпе-жегінен барлық аймақта көрсетілім ұйымдастырды

Жекпе-жекті 10 мың адам бір сәтте бір жерден тамашалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ елордадағы EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында 5 мыңға жуық бокс жанкүйері жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жекпе-жек көрсетілімін күту кезінде көрермендерге ыстық сусындар ұсынылды. Геннадий Головкинге қолдау білдіру мақсатында автошеру ұйымдастырылды. 10-нан астам автокөлік жанкүйерлермен Қазақстанның және «Жастар рухының» туын желбіретіп, елорданың басты көшелерімен жүріп өтті.

Нұржан Жетпісбаев «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

– Жүздеген мың жанкүйер бұл жекпе-жекті асыға күтті. Барлық облыс орталықтарында жекпе-жекті тамашалауға болатын қоғамдық алаңдар ұйымдастырдық. Таңсәріде басталған тартысты кездесуді тамашалуға 10 мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында тек жастар ғана емес, зейнеткерлер, балаларын жетелей келген отбасылар да болды. Геннадий Головкин қолдауымызды сезінді деп үміттенемін. Барлығы оның асқақ айбынын, чемпиондық рухын байқады. Мұндай іс-шаралар бұқаралық спортты дамытуға ерекше ықпал етеді. Геннадий Головкин – үлгі тұтарлық тұлға.