ШҚО-да мың азамат әскерге аттанады

Күзгі әскерге шақыру науқанын ойдағыдай өткізу үшін Шығыс Қазақстан облысының әскери комиссариаттары барын салып жатыр. Өткеннен сабақ алу керек. Өкінішке қарай, көктемгі науқанда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметіне Отан алдындағы борышын өтеуге баратын жастар қатары жетпей қалған, деп хабарлайды «хабар 24».

Келешекте ондай жағдай қайталанбас үшін армияның беделін арттыру керек, - дейді олар.

Қайырбек Қайырханов, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы:

- 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында 1140 жауынгер жасақтауымыз керек еді. Оның 205-і ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне баруы қажет болатын. Нәтижесінде тек 161 сарбазды жөнелттік, 44 азамат жетпей қалды. 

Сондықтан қазіргі басты міндет - жасақ құрамын жоспарлы межеге жеткізу, - дейді әскери комиссарлар. Әрі ата-аналар тарапынан ешқандай арыз-шағымның болмауы шарт. Әсіресе, медициналық комиссия жұмысын жетілдіру керек. Бұған қоса қазір офицерлер құрамының біліктілігін арттыруға да күш салынып жатыр. 

Ерлан Рамазанов, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары:

Біз ұзақ жылдан бері бірінші рет үлкен көлемде офицерлер арасында әскери оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жауынгерлеріміз жоғары нәтиже көрсетті. Әскери әлеуетімізді арттырып, сымдай тартылған сарбаздарды тәрбиелеу үшін мұндай жиындардың маңызы ерекше.

Жастарды әскерге көптеп тарту үшін жақында Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлескен жобаны қолға алды. Енді әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлер жоғары оқу орындарында тегін оқи алады. Әзірге бұл игі бастаманы 40 университет қолдаған. Ардақ Асылханұлы, Авторлары: Вячеслав Ветлугин, Роман Родионов