Шымкентте онкологиялық ауруға шалдыққан 5 науқасқа лапарос-копиялық әдіспен операция жасалды

Аймақ дәрігерлері, белгілі хирург Эд-уард Галля-мовпен бірге жүргізген, тіліксіз операция сәтті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастар бүйрек, асқазан мен, тоқ ішектің қатерлі ісігіне шалдыққан. Дәрігерлер видео хирургиялық жолмен жасалатын операциядан кейін, науқастың оңалу мүмкіндігі айтарлықтай артатынын айтады. Сондай-ақ науқас нарко-тикалық жансыздандыру дәрі-дәрмегіне  тәуелді болмайды. Тіпті операциядан кейінгі алғашқы күннің ішінде өзін жақсы сезініп, емін-еркін қозғалады -дейді. Білікті маманның шеберлік сабағын, ел ішіндегі дәрігерлер де онлайн көріп, тәжірибе алмасты.

Жақсылық Мәуленов, қалалық Онкологиялық орталықтың бас дәрігері:

- Бұл кісінің енгізген ерекшеліктеріне байланысты кейбір моменттері бізде алғашқы рет жасалып жатыр. Біздің ауруханада бүгін 5 ота, ертең 4 ота бар. Сонымен 9 ота жасалады. Тағы бір отаны жасауы мүмкін. Ақылдасып жатырмыз.