ЖСН алу бойынша 13 мың өтініш қабылданды

Елде жеке сәйкестендіру номерін алушы ресейлік көп. Кеше бір күнннің ішінде 13 мыңнан астам өтініш қабылданған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кеткен жөн, елдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазір ұзын-сонар кезек. Жергілікті тұрғындар қарбаласқа байланысты жиі шағымдана бастады. Осы себепті орталықтар күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Бірақ азаматтығы жоқ шетелдіктерге электрондық цифрлық қолтаңба сататын қызметкерлер болса жазаланады. Кінәсі дәлелденсе, жұмыстан босатылады.

Сүйеніш Әбділдин, «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы:

– Әртүрлі ақпараттарты желіде көріп тұрамыз. Қазақстандықтарға ЭЦҚ берген кезде қосымша қызметтер болмауы үшін біз биометриялық сервисті іске қостық. Бірақ қазақстандықтардың биометриялық деректері базада болғандықтан, оларды біз тексере аламыз. Ал шетелдік азаматтарға қатысты бұл мәселені бізде «последконтроль» деген бар. Сол арқылы қадағалаудамыз.