Жол сапасын қадағалау күшейтіледі

Жол сапасын қадағалау күшейтіледі

Жолдың беріктігін қалай арттыруға болады? Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы құрылыс материалдарының стандартқа сәйкестігін тексеретін лабораторияны автоматтандыру арқылы осы мәселені шешпек.

Өйткені сапа қызметіне адамдардың араласуы, асфальт, бетон секілді төсемелердің қолмен тексерілуі жұмыстың нәтижесіне кері әсер етеді. Орталық мамандары cоның салдарынан нашар жол салынатынын айтады. Ал автоматтандырылған зертхана құрылыс материалдарының сапасын дәлме-дәл анықтайды. Орталық желіге жүктелген ақпартты өзгерту мүмкін емес. Жол жөндеушілерге сапалы материалдарды ғана пайдалану міндеттелгендіктен, өндірушілер де талапқа сай өнім шығаруға мәжбүр болады. Алдағы жылдан бастап Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына қарасты 17 лаборатория толықтай автоматтандырылады.

Замир Сағынов, ҚР ИИДМ "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Бас директоры:

- Өздеріңіз білесіздер бізде битум таплышық, оның сыртында шығып жатқан битумның сапасы төмен. Былтырғы жылы 21 пайызы біздің қазақстандық стандартқа сай емес, биылғы жылы 29 пайыз қазақстандық стандартқа сай емес. Осы мәселені шешу бағытын, оған қандай қоспалар жасауға болады. Осы бағытта көп әңгіме талқыладық.