Таулы Карабахтағы әскери қимылға қатысқан ардагерлер өрттен зардап шеккендерге көмектесті

Таулы Карабахтағы әскери қимылға қатысқан ардагерлер өрттен зардап шеккендерге көмектесті

Қостанайда болған өрт кезінде еліміздің түкпір-түкпірінен еріктілер мен тұрғындар жылу жинап, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетті.

Қиын-қыстау кезеңде ардагерлер де шет қалмай тілсіз жаудан баспанасыз қалғандарға қолдау білдірді. Дәлірек айтсақ, "Таулы Карабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағы" қоғамдық бірлестігі 200-ден аса адамға ас беріп, 15 жанұяға қаржылай көмек көрсетті. Ілкімді істің игілігін өрттен қатты зардап шеккен Аманқарағай ауылының тұрғындары көрді.