Алматыда күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Алматыда күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметінше, биыл Алматыдан 3 мыңға тарта жігітті әскерге шақыру жоспарланған. Соның жартысына жуығы көктемде әскерге аттанып кетті. Ал осы жолы тағы мың жарым азамат шақыру қағазын алады. 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында өткен салтанатты жиында бұрын әскерге алынған сарбаздар, жауынгерлік ұрыс тәсілдерін көрсетті. Жаңа шақырылғандарға естелік сыйлықтар табыстады.

Фархат Құрманғажинов, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

- Қазір біз 250-дей адаммен шекара әскерін жаптық. Қазір біз қарулы күштеріне жіберіп жатырмыз. Осыдан кейін Ұлттық Ұланға жібереміз. Сонымен біз желтоқсанның аяғына таман күзгі әскери науқанды толығымен жабамыз.