Алматы облысында KIA көліктерінің автошеруі өтті

Алматы облысында KIA көліктерінің иелері арасында автошеру өтті. Талап бойынша қатысушылар қысқа мерзімде 260 шақырымдық бағытты жүріп өтуге тиіс. Мәре Шарын шатқалының маңындағы Бұғытының қызыл таулары. Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы автотуризмді дамыту және еліміздің сұлу табиғатын паш ету.

KIAGO автошеруіне қатысу үшін әр көлікте арнайы экипаж жасақталған. Көлік жүргізуші - қозғалыстың қауіпсіздігіне жауапты болса, жанындағы штурман KIA компаниясының арнайы дайындаған картасынан тиімді бағытты таңдайды. Ең бастысы, жол ережесін бұзбау керек. Сондай-ақ, мәреге дейін 10 чек-поинттан өтуі тиіс. 

Анна Данченко, Қазақстандағы KIA бренд-амбассадоры:

- Негізі бұл автошерудің «KIA Go» деп аталатын автошерудің басты мақсаты біздің Қазақстандағы керемет жерлерді ашу, көрікті жерлерді көрсету, бірақ ол жәй ғана бару емес, былайша айтқан кезде қарапайым тілмен, автокөліктерді сынау. Яғни, әртүрлі жолдармен кез келген автокөлік қалай жүреді деген сияқты.

Тілші: Ұйымдастырушылар көліктердің жүру бағытын ерекше ойластырған. Экипаж мүшелері кедергілер мен қиыншылықтарға толы жолдарды қысқа уақытта еңсеруі тиіс. Әрі бұл  KIA автокөліктеріне кез келген жол кедергі емес екенін көрсететін жақсы мүмкіндік. 

Евгений Шумков, Қазақстандағы KIA маркетинг департаментінің директоры:

- Біз үшін ең маңыздысы – азаматтар өздерінің ең қымбат уақыттарын бөліп, жарысқа қатысуда. Олардың KIA брендін, Allur автомобиль компаниясын таңдағанына қуаныштымыз. Далалық ойын бәрінің көңілінен шығады деп сенеміз.

Бұған дейін KIAGO автошеруі Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында өткен. Жалпы жарыс бағыты 4 мың шақырымға жетті. 

Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов