Елде майнерлер ісін қадағалау жоспарланып отыр

Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын да әзірлеген. Жаңашылдыққа сәйкес крипта валюта өндіретіндер лицензия алуларынан бөлек, түрлі салықтарды да төлеулері міндеттеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 2024 жылдан бастап табыстарының 75 процентін теңгеге айырбастаулары тиіс. Бұндай экожүйе Астана халықаралық қаржы орталығында құрылып, барлық операциялар солардың құзыреттілігіне берілмек жоспарда. Бұл елімізде сұр майнерлерді анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі. Заңсыз пайда тауып, үлкен көлемде электр энергиясын тұтынғандар. Қазіргі таңда 150-ге жуық майнердің үштен бірі Қазақстаннан кетіп қалған. 50 ферма ресми түрде тіркелсе, тағы соншасы тасада жүр, – дейді жауаптылар.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бейресми деректер бойынша халықаралық криптовалюта биржаларында 1 млн астам Қазақстан азаматы тіркелген. Бұл жерде валюта айырбастаудың қара нарығыда жұмыс істейді. Демек барлық операция көлеңкеде жатыр.

Майнерлердің жұмысын реттеу үшін депутаттар тиісті заң жобасын да ұсынып отыр. Демек криптавалютамен айналысатындарға лицензиялар беріліп, толыққанды салық төлейтін заңды тұлғалардың қатарына енгізу жоспарда. Осылайша майнерлер де экономиканың толыққанды мүшесі атанады.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Салық салу жөнінде айтар болсақ, ол бірнеше кезеңнен құралады. Нақтырақ айтқанда, қажетті қондырғыларды елге әкелгендегі қосымша құн салығы, лицензия алудағы төлем, корпоративтік табыс салығы мен  криптобиржалардағы операциялардан алынатын түрлі алымдар болады.

Айта кету керек, криптавалюта Қазақстанда төлем құралы болып табылмайды. Оған тыйым салынған. Егер рұқсат берілсе, онда ұлттық валютаға үлкен салмақ салынады. Сондықтан заң жобасында Астана халықаралық қаржы орталығында қазақстандық крипта биржа құру жайы да қарастырылған. Мұнда майнерлер 2024 жылдан бастап табыстарының 75 процентін айырбастаулары керек болады. Талап осындай.

Дмитрий Попов, майнинг компаниясының техникалық директоры:

– Сұр майнерлерді нарықтан шығару керек. Ол дұрыс. Отандық биржа құрылғандығын да қолдаймын. Өйткені жүйе орталықтандырылады. Яғни кез келген шотты қадағалап, қажет болған жағдайда бұғаттап тастауға болады. Биткоин құны 60 мың доллар болғанда бинанстың тәуліктік айналымы 70 млрд долларға дейін жеткен. Сол себепті қадағалау керек.

Майнерлерді заңдастырғаннан кейін елдегі электр энергия тұтыну жағын қайтеміз? Оның да шешімі бар.

Ғазиз Құлахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бізде батыста энергетика тапшылығы мәселесі бар. Сол мәселелерді жекеменшік инвесторлардың тарапынан, мысалы, майнинг мәселесін жетілдіру үшін энергия тапшылығы бар аймақтарда майнингпен айналысамыз деген инвесторлардың арқасында электр генерациясын жетілдіру мәселесі маңызды. Сондықтан да оны қалай жүзеге асыру әлі де екінші оқылымда қаралады.

Тағы айта кету керек, электр энергиясы көп төлем жасайды деп бірінші кезекте майнерлерге берілмейді. Ең әуелі қарапайым халық пен өнеркәсіптердің сұранысы жабылады. Артылғаны криптавалюта өндірушілерге бөлінеді. Ол үшін энергетика министрлігіне көлемді квоталау құзыреті беріледі.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР энергетика министрінің орынбасары:

– Ол квотаны жүйелік оператор бекітіп береді және бұл квотаның ішінде болатын бағаны аукцион арқылы, биржа арқылы сатып алу керек болады майнинг компанияларға.

Жалпы депутаттар әзірлеген заң жобасы әлі талқылау үстінде. Халық қалаулылары енді жаңашылдықты екінші оқылымда да жіті қарастыратын болады.

Авторлары: Риат Шони, Нұрғали Мамырбаев