Елордада Қ.Сәтбаев туралы естеліктер жазылған тұғырлар тұрғызылды

Былтыр Астанада "менің халқым менен де биік" деп елін мақтан тұтқан ғұлама Қаныш Сәтбаевтың еңселі ескерткіші ашылғаны белгілі.

Елордадағы ең биігі де осы. Енді сол ескерткіш тұрған алаңға 4 бірдей тұғыр қойылды. Онда ірі қайраткерлер, ғалымдар мен әдебиет майталмандарының Қаныш Сәтбаев жайында айтқан сөздері жазылған. Салтанатқа зиялы қауым өкілдері, ғалымның ұрпақтары, академик атындағы мектептің оқушылары қатысты. Қаныш мұрасын насихаттап жүрген ел ағалары сөз алды. 

Алтынбек Нухұлы, академик Қ. Сәтпаев атындағы халықаралық қордың қамқоршылар кеңесінің төрағасы:

- Ұлттық жалпы республикалық жоспардың шет жағасын жасадық. Соның ішінде осы жерге алдын ала үлкен бір фонтан салынса. Сол жаңағы өз сөзімде айтқан болатынмын, Қаныштың 21 жасында ұлы әулие Машһүр Жүсіп бабамыздың сөздерінде жазу ойымызда бар. Әрине бұл істер Қаныштың 125 жылдық тойына дейін жасалынады деген үміт бар.