Елордада «Air-port Expo» әуежайлар инфрақұрылымы көрмесі өтіп жатыр

Халықаралық шараға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Азаматтық авиация комитеті және қала әкімдігі мұрындық болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алыс-жақын шет елдерден 20-дан астам коммерциялық кәсіпорын өкілдері келді. Қазақстан, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Польша, Эстония, Латвия, Өзбекстан, Беларусь және Ресей компаниялары көрермен назарына өнімін ұсынды. Жобалардың арасында әуежай мен ұшу алаңдарын күтіп ұстау, қар мен мұздан тазарту және өрт сөндіру технологиялары бар. Көрме 3 күнге созылады.

Айдос Кенжебаев, көрмеге қатысушы:

Келесі жылы Алматыда біз бірлескен кәсіпорын ашамыз. Зауыттың қуаты жылына 200 көлік шығаруға жетеді. 100 адам жұмыс орнымен қамтасамыз етіледі.