Атырау магистральдық желі бөлімшесінің басшысы қамауға алынды

«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамына қарасты Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің айтуынша, лауазымды тұлға өзінің қызметін асыра пайдаланып, кәсіпкердің 1,5 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осындай қылмыстардың алдын алу үшін агенттік өкілдері «Атамекен» палатасынының облыстық филиалының алаңында әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық көріністерін талқылау мақсатында кездесу өткізді. Бүгінде  агенттік қызметкерлері «ҚТЖ» компаниясына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында талдаулар жүргізіп жатыр.

Нұрлан  Жахин, ҚР СЖҚІА облыстық Департамент басшысының бірінші орынбасары:

- Өзге де жәбірленушілерді анықтау мақсатында Сапаровтың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне дереу хабарлауды сұраймыз. Байланыс: 71-75-07, 8702 609 68 49. Өзге ақпарат қылмыстық процестік кодекстің 201- бабына сәйкес тергеудің мүддесіне сай жария етілмейді.