Министр: АИ-92 арзандамайды
«АИ-92 маркалы бензин арзандамайды». Майнинг мәселесінен кейін Болат Ақшолақов осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Министрдің айтуынша, АИ-92 бензинінің бағасы тұрақты. Қазір жанармайдың литрі 182 теңгеден басталып, 187 теңгеге дейін барады. «Басты мәселе қазір осы бағаны ұстап қалу», – дейді Ақшолақов. Брифингте ведомство басшысы жаңа тарифтік саясатты да түсіндірді.