Қазақтың көк байрағы Қазақстан рекордтар кітабына енді

Республика күніне орай Алматы облысында ұйымдастырылған «Ашық аспан» акциясы аясында көлемі 800 шаршы метр болатын туымыз көк аспанда желбіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парашютпен секірудің кәсіби спортшысы әуеге көтерілген ұшақтан еліміздегі ең үлкен мемлекеттік туымен желбіретті. Тумен секіру биіктігі теңіз деңгейінен үш мың метр. Бұл Шымбұлақ шатқалынан да жоғары. Бұл істі Жомарт Қияс, Ескендір Ибрагим, Құрманбек Жұмағали секілді отаншыл азаматтардың ұйымдастырғанын айта кету де ләзім.

Ибрагим Ескендір, «Ашық аспан» әлеуметтік акциясын ұйымдастырушы:

– Бұл тек Қазақстанның ғана емес әлемдегі ең үлкен тулардың бірі саналады. Президент бастауымен Республика күні аталып өтпекші. Енді әр қазақ баласының асыл арманы шығар туды басынан биік ұстау.Осындай қуанышты күнде халықты қуантуды асыл борышымыз санадық. Мереке құтты болсын.