23 қазан Халықаралық қар барысы күні

Бүгін халықаралық қар барысы күні.

Еліміздің мемлекеттік символына айналған сирек жыртқышты өткен ғасырдың 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізген. Жер бетінде ілбістер мекендейтін 20 аймақ болса, соның екеуі Қазақстанда орналасқан. Бұлар Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы. Бабаларымыз бекзат аңның қасиетін әу бастан жоғары  бағалаған. Барыс бейнесі Алматы қаласының гербінде де бейнеленген. Жалпы әлемде 4 мыңға жуық қар барысы бар. Айрықша қорғауға алынған жыртқыштың бұл түрін сақтап қалу ғаламдық мәселеге айналып отыр.