Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

Әлеуметтік желіде 24 және 25 қазан күні орталық алаңдарда жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингі өтеді деген хабар тарады.

Бұл жалған ақпарат, дейді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев. Ол арнайы үндеу жасап, қандай да бір митингі өткізу жөнініде ешқандай келісім жасалмағанын мәлімдеді. «Республика күніне орай тек ресми мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді. Осыған байланысты жалған хабарламалар мен жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ қатысуға шақыру заңсыз әрекет деп есептеледі.