Түркістанда мерекеге орай мемлекеттік ту көтерілді

Түркістан қаласында да Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Түркі жұртының түп қазығы саналатын Түркістан қаласында ту көтеру рәсімі қалай өтті?

Жандос Жұмабек, тілші: 

- Түркістан қаласында мерекеге орай Мемлекеттік туды ресми көтеру рәсімі қазір біз тұрған «Рәміздер» алаңында өтті. Себебі мұнда алып ту тұғырда желбіреп тұрған көк байрақты қаланың кез келген жерінен көруге болады. 

Мерекелік іс-шараны тамашалауға қала жастары мен зиялы қауым өкілдері және мемлекеттік қызметшілер жиналды. Аға буын жиналғандарға ту көтеру рәсімінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсіндірді. Еліміз үшін көгімізде желбіреген көк байрақтан қасиетті нышан жоқ екенін ұқтырды. Ту тәуелсіздіктің басты символы. Жылда мемлекеттік туды көтеру рәсімі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтетін болса, биыл алғаш рет Республика күні өткізіліп отыр. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін берді. Биыл 25 қазан ұлттық мерекеге айналып, Республика күні болып бекітілді. Сондықтан Тудың тұғырға қонуы бүгінгі мерекелік шаралардың ішіндегі ең маңыздысы саналады. «Ендігі мақсат елдегі тыныштық пен береке-бірлікті сақтап, біртұтас ұлт ретінде бір тудың астына жиналу», - дейді салтанатты шараға қатысушылар. 

Досай Кенжетай, философия ғылымдарының докторы:

Биыл еліміз бойынша алғаш рет тойланып жатқан ұлттық мереке қарсаңында Түркістан облысында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Мәселен, Қазығұрт ауылында 150 оқушыға арналған жеке меншік мектеп, Сарыағаш қаласында 900 балаға арналған білім ұясы, Сайрам ауданында 1200 орынға лайықталған жеке меншік мектеп, Қарабұлақ ауылында 400 оқушыға арналған жалпы білім мекемесі, Түркістанда 500 орындық дарынды балаларға арналған білім ордасы және 200 бүлдіршінге арналған балабақша ашылды. Бұдан бөлек, Түркістанда 240 отбасылық тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазығұрт ауданында жаңа электрлік желілері іске қосылды. Бәйдібек, Түлкібас аудандарында жаңа саябақтар ашылады. Ал Сарыағаш пен Ордабасы аудандарының бірқатар ауылдары табиғи газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды. Жалпы облыста мереке күндері 1200 іс-шара өткізілді.