Алматы облысындағы кәріз жүйелері ескірген

Ал, облыс орталығы Қонаев қаласындағысы тіптен апатты жағдайда тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірге барған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов осыны айтты. Министр Қонаевтағы Су электр станциясын көрді. Қаланы электр қуатымен қамтамасыз ететін өндіріс орны қалыпты жұмыс істеп тұр. Дегенмен соңғы 5 жылда Қапшай су қоймасында судың деңгейі едәуір төмендеген. Қаланың ең негізгі мәселесі 1968 жылы салынған  кәріз  жүйесі. Сондықтан түгелд жаңалау қажет. Ол үшін арнайы жоба әзірленеді дейді министр. Тағы бір жайт, Алматы облысында қоқыс төгетін 131 күресіннің тек 7 пайызы ғана экологиялық әрі санитарлық талаптарға сай келеді. Бұл төмен көрсеткіш. Ал, Кеген, Ұйғыр және Райымбек аудандарында заңдастырылған бірде-бір полигон жоқ. 

Серікқали Брекешов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Кездесуде жекелеген азаматтардан қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигондар жөнінде сұрақтар қойылды. Өкінішке орай Алматы жақын орналасқан аудандарда күресін өте күрделі мәселе болып тұр. Бұған жергілікті атқарушы билік өкілдері салғырт қарамау керек. Жалпы елімізде заңсыз полигондардың пайда болуына жол беріп, жағдайды қадағаламаған 90 ға жуық түрлі деңгейдегі мемлекетік қызметкер әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл бағыттағы жұмысты әкімдіктермен бірге жетілдіреміз.