Әуликөлдегі жаңа үйлердің ауласы судан тазартылды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы үйлердің ауласындағы суды сору жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін қар аралас жаңбыр салдарынан 12 жаңа баспананың ауласын, сондай-ақ көшелерді су басқаны айтылған еді. «Бірлік» шағын ауданының тұрғындары осыдан он күн бұрын қоныс тойын тойлаған. Жедел түрде салынған тоқсан бір үй орман өртінен зардап шеккендерге арналды. Төтенше жағдайды жою мақсатында аудан әкімдігі жанынан жұмысшы топ құрылып, үйлердің аумағында жиналған су мотопомпалармен тазартылды.

Ерлан Теменов, Әулиекөл ауданының әкімі:

– Мұнда әкімдік қызметкерлері, мердігерлер бар. Үйлеріне ешқайсысының су кірген жоқ. Жобалық институт жұмыстарын жалғастырады. Суды бұру, арықтар дейміз. Енді ол жоба бойынша жұмыс жалғасады.