Атыраудың іргесіндегі ауылдарға жаңа жайылымдық жер учаскесі беріледі

Атыраудың іргесіндегі ауылдарға жаңа жайылымдық жер учаскесі беріледі

Атырау қаласының іргесіндегі ауылдар үшін жаңа жайылымдық жер телімі беріледі.

Жайық өзенінің жағасындағы ауылдарда жыл санап мал басы артып келеді. Алайда жайылым тапшы. Себебі өзеннің Каспий теңізіне құятын ең шұрайлы аумағының 111 мың 500 гектарына «Ақжайық» табиғи қорығы орналасқан. Ол аймақ түгелімен пайдаланылып жатқан жоқ. Шаруалар малын қайда жаярын білмей қиналуда. Бұл мәселелер Атырауға келген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаевпен өткен жиында көтерілді. Тұрғындардың талабы бойынша резерваттың 70 мың гектар жері жекеменшік мал иеліріне уақытша пайдалануға беріледі.

Нұрлан Қылышбаев, ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануаралар дүниесі комитетінің төрағасы:

- Енді заңға сәйкес біздің резерваттың неше түрлі зоналары бар. 70 мың гектардан астам жерді  шабындыққа, жайылымға рұхсат беруге мүмкіншілік бар. Халықпен кездескеннен кейін біздің резерват оны үйлестіруге дайын. Ары қарайғы «заповедный» зонаға кіргізуге де болмайды.