Атырауда жас отбасылар мен азаматтардың баспана алуына арналған жаңа жоба жүзеге асады

«Атырау жастары» бағдарламасы  облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ-ның бірлескен жобасы 35 жасқа дейінгі жастарды қамтиды. Жобаға облыстық әкімдік 1 млрд теңге, ал банк 600 млн теңге бөліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Мақсаты – жастардың барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуына жол ашу. Оған жас отбасылардан өзге бюджеттік мекеме қызметкерлері және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар да қатыса алады.

Жалпы Атырау облысында тұрғын үй кезегінде 20 мыңнан астам отбасы тұрса, оның 8 мыңы бюджеттік мекемеде жұмыс істейтіндер.