Риддерде қазандықтарды жөндеу жұмысы жалғасып жатыр

Риддерде жылу орталығының жұмысын қалыпқа келтіру үшін барлық амал жасалуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен жағдай әлі күрделі. Мамандар екінші және үшінші қазандықтардан берілетін жылу температурасын біртіндеп көтеріп жатыр. Басында температура 70 градустан 35 градусқа дейін түсіп қеткен еді. Қазір 40 градусқа көтерілді.

Жан-жақтан шақыртылған мамандар бірінші және үшінші қазандықтарды жөндеп жатыр. Ал тұрғындардан шағым толастамай тұр. Облыс басшысы бұл жағдайға мекеменің басшылығын кінәлады. Яғни жылыту маусымына дайындық нашар болған. «Жекеменшік жылу орталығын мемлекет балансына алу керек»,­­­ – деп мәлімдеді Даниал Ахметов. Өйткені талай жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген орталықтың 90% жабдығы тозып тұр.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Кәсіпорын басшылығы жылу станциясының болашағына мүлдем салғырт қараған. Жөндеу жұмыстарын өте нашар жүргізген. Енді солай болды деп қарап отыруға тағы болмайды. Сондықтан бұл нысанды мемлекет меншігіне алу жолдарын қарастырумыз керек.